Балалармен өткізілетін сабақтар — олардың одан әрі өсуі мен дамуының негізі. Сонымен қатар ол ыңғайлы және қызғылықты үдеріс болуы тиіс, біздің тәжірибелі педагогтарымыз осы үдерісті іс жүзінде сәтті жүзеге асырып келеді.
Біз балалардың жас ерекшеліктеріне қарай қызығушылықтары мен ерекшеліктерін басты назарға аламыз. Оқытудың ойын және классикалық түрлерін қолданамыз. Сабақ топпен жастық үстінде де, партада да өткізілуі мүмкін.
Сабақтың ұзақтығы мен саны баланың жасына байланысты. Кіші жастағы, 1,5-3 жастағы балаларда, күніне ұзақтығы 10-15 минутты құрайтын 3 сабақ, 3-5 жастағы балаларда – 15-25 минуттан 3-4 сабақ, 5-7 жастағы балаларда – 25-35 минуттан тұратын 4 сабақ. Жоғары топта балаларды мектепке даярлауға көп көңіл бөлінеді.
Біздің сабақтар қатарына мына пәндер кіреді: математика, сауат ашу, тіл дамыту, көркем әдебиет, бейнелеу өнері (сурет салу, мүсін жасау, аппликация), қоршаған ортаны тану, қазақ және ағылшын тілдері, дене тәрбиесі, музыка, би, денсаулық сабақтары, өзін-өзі тану, оқу және басқа да пәндер.
Балақайлар математиканың орнына сенсориканы оқиды (түс, түр, өлшем).
Математика, сауат ашу, жазу, дыбыстық талдау және т.б. бойынша жеке жұмыс дәптерлері (авторлары: Колесников, Петерсон, «Алматы Кітап», «Шикула и К», «Бөбек» баспалары) бар.
Сабақтар топпен өткізіледі, дегенмен, біздің әрбір педагог сабақ барысында әр баланың тілін тауып, жеке ыңғайымен жұмыс істейді.
Логопед, психолог сабақтары әр баламен жеке өткізіледі.
Балалардың бір аптаға арналған сабақ кестесінің үлгісімен танысуыңызға болады. Алдағы уақытта Сіз біздің Facebook парақшамызда орналастырылған нақты сабақ кестемізбен танысып, үнемі хабардар бола аласыз.
Тәрбиеші мен балаға көмек ретінде (материалды жақсы игеру және даму үшін) әр топта балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып алынған ойыншықтар бар.
Балақайлар үшін бұл – моториканы дамыту, түс, түр, өлшемді айруына көмектесетін ойыншықтар. Сондай-ақ пирамидалар, текшелер, еденге төселетін және үлкен пазлдар, мозаика, балық аулау және т.б. ойыншықтар.
Ересек балалардың ойындары логика, ойлау, назар салуға арналады. Соған орай пазлдар, құрастырғыштар (Lego®), Днешев® текшелері, Кьюнзера® таяқшалары, әр түрлі сюжеттік-рөлдік ойындар (әскери, ТҚС, супермаркеттер, отбасы, аурухана және т.б.), театр ойыны (қуыршақ театры) және басқа да көптеген ойындар бар.
Біз сондай-ақ ата-аналарға топтық немесе жеке сабақтарды ұсынамыз. Бұл сабақтарды таңдау балалар мен олардың ата-аналарының қызығушылықтарын жеке есепке алу арқылы жүзеге асырылады.
Сабақтардың қорытындылары бойынша біз ата-аналармен жеке кездесу өткізіп, онда бала дамуындағы жетістіктер туралы әңгімелейміз және үйде жеке жұмыстану бойынша ақыл-кеңес береміз.
Біздің балабақшаға келіп, оның инфрақұрылымын бағалаңыз және педагогтармен жеке әңгімелесіңіз!
Бақытты балалық әлемінде кездескенше!




